khabar

Джунгли заңы

Емдеудің көне бұл дауасы ескі айналып соғатын дағдарыстар жағдайында әбден қолдануға боларлық еді. Ол бүгін де кеңінен пайдаланылады. Бірақ та осы жолғы жаһандық дағдарысты емдеуге қаншалықты келер екен? Өйткені, бұл дағдарыстың сипаты қағидаттық тұрғыда басқашалау.
Бұл – негізгі гендік коды барлық өсу ресурстарын әлдеқашан тауысқан, сан мәрте ақаулы, өзін әлдеқашан түгескен әлемдік резервтік валюталар институты негізінде құрылған бүкіл әлемнің жүйелік дағдарысы.
Сондықтан да, дағдарыстың шынайы түбі құлдыраудың аяқталуы мен өсудің басталуы емес, оның басты себебін толық жою болмақ.
Мұндай дауаның қорытындысын болжау қиын емес. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біз ештеңені өзгертпейміз, сөйтіп, түпкедейін құлауды қимылсыз күтіп, бір-бірімізбен есеп айырысуда долларды немесе еуроны пайдалануды жалғастырамыз деді. Жаһандық дағдарыстың екінші немесе үшінші толқыны әлемнің резервтік валюталарын да, біздің елдеріміздің көп бөлігінің активтерін де нөлге айналдыруы мүмкін. Ал бұл біздің ұлттық өнеркәсіптік-технологиялық жүйе¬леріміздің ыдырауына ғана емес, сонымен бірге ұлттық инфрақұрылымдардың күйреуіне де, әлеуметтік күйзелістерге және солардан туындайтын саяси апаттарға соқтыруы мүмкін.
Түпке жетуді қимылсыз күтудің мұндай дауасы қарапайым тілде айтсақ былай болып шығады: Біз әзірге жаңа дерттің мәнін білмейміз, бірақ та сізге оны ескі дерттің дәрісімен емдеуді ұсынамыз. Мұндай дауа дағдарыстың басты, тереңде жатқан себебін жоя ма, гендік кодты өзгерте ме? Әрине, жоқ. Онда оны қаншалықты қолдануға болады, ол емдей ала ма және құтқара ала ма? Нақты “судың түбін” дағдарыстың түбегейлі себептерін жоюды бастап қана сезуге болады. Бүгінгі түбіне жету мен “шыға бастау” туралы түйдек-түйдек пікірлер шығу иллюзиясына негізделген болуы керек.
Валюталық своп – бұл валюта рыногына қатысушылардың бір елдің ақша бірлігінің келісілген сомасын өзге елдің валютасына айырбастау жөніндегі екі қарама-қарсы конверсиялық мәмілелердің комбинациясы екені белгілі. Қазір біздің кейбір көршілеріміз Азиядағы, Еуропа мен Америкадағы өз әріптестерімен мәміледе дағдарыстан шығудың осынау тактикалық жолын белсене пайдалануда.
Бұл, шынында да, дағдарыс езгісін жеңілдету үшін жаман нұсқа емес. Алайда, ол стратегиялық тұрғыда немесе ең болмағанда орташа мерзімдік тұрғыда қаншалықты тиімді? Ал мұндай жолдың орташа мерзім қорытындысын болжау қиын емес. Біз валюталық своптарға көшуді бастап, бір-біріміздің валюталарымызда жұмыс істеудеміз. Бірақ та дағдарыстың екінші немесе үшінші толқынынан кейін әлемнің жетекші елдері аман қалуға, соның ішінде басқалардың ұлттық валюталарын күйрету есебінен аман қалуға ұмтылатын болады. Күшті әрдайым осалдың есебінен, әсіресе, өзі апаттық жағдайда күшінен айырылып бара жатқанда осалдың есебінен аман қалуға ұмтылады. Бұл – қазіргі тұрғыдағы джунгли заңы.
————————————————————-
Фарида Альжанов, Экономика ғылымдарының докторы

http://www.kea-economics.kz/ru/kazakh-economic-bulletin/26/redaktsiya-zhurnala

Leave a Reply

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s


%d bloggers like this: